ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің сақшысы Айдар Қабиденов көпқабатты үйдің ауласынан өтіп бара жатқанда ойнап жүрген балаларды байқады.
«Кенет балалардың біріне қаңғыбас ит тап берді. Полиция қызметкері бірден көмекке ұмтылған. Алайда бірнеше секунд ішінде ит балақайдың қолын тістеп алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Иттің назарын өзіне аударған тәртіп сақшысы лезде баланы көтеріп алған. Содан кейін оны Бесқарағай аудандық орталық ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер балақайға медициналық көмек көрсетті. Қазір оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Ал баланың анасы болса полиция капитанына алғыс айтты.