Бүгін өңір әкімдігінде Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті. Сессияға ұсынылған күн тәртібі – облыстың пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу.
Депутаттар биыл әкім сайлауы өтетін пилоттық аймақтар ретінде Глубокое және Алтай аудандарын ұсынды. Сайлау күні 5 қарашаға белгіленді.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтетіндігін айтқан болатын.
Ал Абай облысында Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдерінің сайлауы өтетіндігін хабарлаған едік.