ШҚО-да қазандық жарылысынан жарақат алған екі адамның жағдайы қалай

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жылыту қазандығы жарылысынан жарақат алған екі адамның бірі ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Александр Павский/Kazinform

14 қазанда Зайсан қаласындағы қоғамдық моншада жылыту қазандығы жарылып, соның салдарынан бір адам қаза болып, екі адам жарақат алған еді.

Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Жағдайы жақсарып қалған науқастардың бірі ауруханадан шығарылды. Енді ол амбулаторлық ем қабылдайды. Ал екіншісі ауруханада медициналық көмек алып жатыр. Ер адам басынан жарақат алған. Сондай-ақ басы мен мойны жеңіл дәрежедеде күйіп қалған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қазіргі уақытта арнайы құрылған комиссия жазатайым оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр.