ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Таврия ауылында жоғалып кеткен Әділхан есімді бала аман табылған.
- Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде үш жасар бала тұрғылықты жерінен 3 шақырым жердегі алқаптан табылды. Қазіргі уақытта бала үйінде, ата-анасының қасында. Олар іздестіруге көмектескен барлық азаматтарға алғысын айтып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 3 жасар баланың жоғалғанын хабарлаған едік.
Ол әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен.
Ауқымды іздестіру операциясында ауыл аумағы 16 секторға бөлінген. Барлығы 621 адам жұмылдырылды.
Сондай-ақ квадрокоптерлер мен тікұшақ тартылған.