ШҚО-да Қоңыр әулие үңгірінің аумағы абаттандырылады
Олардың арасында - үштілділік, «Туған жер», киелі орындар бар.
«Біз тарихи мұрамызды сақтап қалуымыз керек. Біз Абай ауданындағы киелі орындардың бірі - Қоңыр әулие үңгірінің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап жатырмыз. Қажылыққа баратын мыңдаған адам жерасты көліне баруда. Менің тапсырмам бойынша, адамдардың еш қиындықсыз киелі орынға түсуі және демалуы үшін аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді өңір басшысы Даниал Ахметов әкімдікте өткен жиында.
Таяу уақытта «Рухани жаңғыру» өңірлік бағдарламасының таныстырылымы өтеді.
Еске салайық, ШҚО Абай ауданындағы Ақтас тауында Қоңыр әулие орналасқан. Үңгірде суы емдік қасиетке ие көл бар. Ел арасында үңгірдің шығу тарихы туралы түрлі аңыздар мен мифтер сақталған. Бір аңызда тереңдігі он бес метрлік көлде Шыңғысханның табытына алып баратын жасырын есік орналасқаны баяндалады.
Шындықпен жанасатын тағы бір аңыз бойынша, мұнда жоңғарлармен соғысқан батырлар қантөгістен кейін алған жарақаттарын емдеу үшін осында келіп, жарақаттарын емдейтін көрінеді.