Қарағандыдан шақырылған сарбаз жұқпалы ауруды әскери бөлімде жұқтырған.
Кейіннен науқас Алматыға жеткізілді.
«Әскери қызметшінің жағдайы жақсарды. Менингит белгілері жоқ. Интоксикация белгілері де, денесінде бөртпелер шығып жатқан жоқ»- деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Қазір науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысының әскери бөлімшесінде менингит инфекциясын жұқтырған сарбаз Алматыға жеткізілген болатын. Және оның жағдайы ауыр деп бағаланған еді.