Дәрігерлер ШҚО-да менингитке шалдыққан сарбаздың жағдайын айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әскери бөлімшесінде менингит инфекциясын жұқтырған сарбаз Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Дәрігерлер ШҚО-да менингитке шалдыққан сарбаздың жағдайын айтты

Ол мерзімді әскери қызметке Қарағандыдан шақырылған.

«Науқас 25 мамыр күні И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Диагнозы: менингококты менингит, менингококцемия, ауыр түрі. Қазіргі жағдайы тұрақты ауыр. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты», - деді Денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазір сарбаз менингококк инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес терапия алып жатыр.