Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы хабарлайды. Оқиға 2 тамыз күні сағат 19:00-дер шамасында тіркелген. Велосипед тепкен қыз бала жол жиегінде кетіп бара жатқан. Қайғылы жағдайға қатысты 1967 жылғы жүргізушіге айып тағылып отыр.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 50 жастағы «КамАз» жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама жұмысы тағайындалған.
«Велосипедші қыз бен «КамАз» жүк көлігі бір бағытта кетіп бара жатқан. Жол шетінде кетіп бара жатқан 2007 жылғы жасөспірім қызды тіркемесімен қағып кеткен. Қазір полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтау үстінде», - деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаев.