ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Аягөз қалалық ПБ көші-қон қызметі бөліміне сот орындаушысының қаулысы келіп түсті. Онда жазылғандай, 34 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген. Жалпы қарыз мөлшері – 700 мың теңгеге жетті.
«Іздестіру шараларын жүргізген көші-қон қызметінің мамандары құқық бұзушыны Нұр-Сұлтан қаласынан анықтады. Оған қатысты жиналған материал ақшаны өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберілді», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері алимент төлемей жүрген 300-ден астам адамды тапты.