ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Өскемен — Семей тасжолының 13-шақырымынан бастап Абай облысының әкімшілік шекарасына дейін 80-нен астам автокөлік полицияның ілесіп жүруімен қозғалды.
— Қозғалыс барысында қызметкерлер жылдамдық режимінің сақталуын қадағалап, жолдағы қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етті. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде колонна жолдың күрделі учаскелерінен ешбір оқыс оқиғасыз өтті, — делінген хабарламада.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және ұйымдастырылған колоннаға ілесіп жүру кезінде тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындауға шақырады.
Айта кетейік, ШҚО-да тозығы жеткен электр желісі салдарынан тұрғындар жиі жарықсыз отыратын болған.