ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «2020-2023 жылдарға арналған заманауи ғылыми-әдістемелік негізде Қазақстанның облыстары мен қалалары аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін бағалау» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Сейсмология институты» ЖШС мамандары алғашқы сейсмодатчиктерді таныстырды. Жоспар бойынша алдағы 10 күнде Өскеменде 5 датчик орнатылады.
«Ай соңына дейін Шығыс Қазақстанда осындай 5 кең жолақты датчик орнату көзделіп отыр. Өңірде сейсмодатчиктерді қадағалаудың бес станциясы бар. Бұл датчиктер жер қозғалысын электронды сигналға айналдыру арқылы тербелістерді өлшеуге арналған», - деді департамент бастығының орынбасары Дмитрий Титов.
Шығыс Қазақстанда 127 елді мекен сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.
Осы бағдарлама шеңберінде сейсмикалық аудандар картасын әзірлеу де жоспарлануда.