Бұл жолы фототұзақ объективіне Алтай ұлары, Сібір таутекесі және жер бетіндегі ең жасырын жабайы мысықтардың бірі — сабаншы іліккен.
Сабаншы — өте сақ жыртқыш. Ол әдетте адам аяғы баса бермейтін жерлерде тіршілік етеді. Күндіз ашық жерде көрінуі сирек. Сондықтан мұндай видеоматериалдар мамандар үшін ерекше құнды. Ол сирек кездесетін бұл жануар түрінің Шығыс Қазақстанның таулы экожүйелерін әлі де мекендейтінін дәлелдейді.
— Сабаншы аумақты кезіп жүріп, жемтігін іздейді және камера объективіне көзі жарқырап түсіп қалған, — деп хабарлады Катонқарағай ұлттық паркінің ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің мамандары.
Еске салсақ, осыған дейін Қарағанды облысында Қызыл кітапқа енген арқар фототұзаққа түскені хабарланған.