Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық құқық бұзушылық Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №22 мекемесінде жүргізілген қадағалау барысында анықталған. Осыдан кейін іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданған.
Тергеу барысында 2025 жылдың шілде-қараша айлары аралығында криминалдық идеологияны ұстанған сотталған Ж. басқа сотталған К.-мен бірлесіп, күш қолданамын деп қорқыту арқылы жаңадан келген сотталған М.-дан «қамқорлық» көрсеткені үшін ақша бопсалағаны анықталды.
«Арнайы прокурорлар кінәлі тұлғалардың қылмысқа қатыстылығын растайтын жеткілікті дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады», – деп хабарлады прокуратура.
Глубокое аудандық сотының 2026 жылғы 29 шілдедегі үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 194-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бұрынғы жазаларының мерзімі ұзартылып, бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, ШҚО-да 50-ден астам сотталған адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін.