ШҚО-да сұйытылған газды бөлу тәртібі бұзылған: департамент шара қабылдады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтады. Бұл туралы агенттіктьің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Фото: Kazinform

— Тексеру барысында Басқарма сұйытылған мұнай газын бөлу көлемдерін айқындау тетігінің талаптарын сақтамағаны анықталды. Осылайша, Басқарма әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері байқалды, — делінген хабарламада.

Департамент Басқармаға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықты жою қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

Бұған дейін Семей әуежайы авиаотын бағасын негізсіз көтергені үшін жауапқа тартылған еді. 

Сол секілді Түркістан әуежайына 14,3 миллион теңге айыппұл салынды.