ШҚО Полициядепартаментінің мәліметіне қарағанда, мешіт қызметкері ақшаның ұрланғанынполцияға 5 күн өткен соң ғана барып хабарлаған.
«Үржар аудандықполиция бөліміне 53 жастағы мешіт қызметкері шағымданды. 2-3 тамыз аралығындабелгісіз адам ауылдағы мешіттің есігін бұзып кіріп, жәшіктегі 8 мың теңгеніжымқырған. Жедел іздестірушараларының арқасында 26 жастағы жігіт ұсталды. Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшінжауапқа тартылған. Күдікті кінәсін мойындады. Заттық айғақтар алынды», -делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Күдіктінің үстіненҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-тармағы бойынша тергеу басталды.