ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім аудандық сотында ҚХР азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
Белгілі болғандай, олар жұмысқа тұрғанда тиісті рұқсат қағаздарын алмай, көші-қон саласындағы заңнама талаптарын бұзған. Сот барысында олар өз кінәларын толықтай мойындады.
«Сот шешімімен 12 Қытай азаматы кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылып жіберілді. Қаулы толықтай заңды күшіне енді», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырғандардан 40 млн теңге сыйақы алған ХҚО қызметкерлері сотталғаны хабарланған.