ШҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды

Фото: ШҚО ПД

ӨСКЕМЕН.KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза болып, бір адам жарақат алды. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні Өскемен-Риддер тасжолының 48-ші шақырымында болды.

— ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан 5 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Жарақат алған 1 адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Фото: ШҚО ПД

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қаза болғандардың кім екені және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам көз жұмғаны хабарланған