ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні Өскемен-Риддер тасжолының 48-ші шақырымында болды.
— ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан 5 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Жарақат алған 1 адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қаза болғандардың кім екені және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам көз жұмғаны хабарланған.