ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Борышкер» жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде 11 млн теңгеден астам айыппұл өндірді. Сондай-ақ берешегі бар 40 жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына жеткізілген.
«Мәселен, полиция қызметкерлері Lexus автокөлігін тізгіндеп келе жатқан Өскемен қаласының 45 жастағы тұрғынын тоқтатты. Белгілі болғандай, оның «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешен камераларына 20 рет жол ережесін бұзғаны тіркелген. Алайда ер адам бірде бір айыппұлды төлемеген. Жүргізушінің жалпы қарызы – 293 450 теңге», - делінген ақпаратта.
Қала тұрғынының көлігі айыппұлдар толықтай өтелгенше мамандандырылған тұраққа қойылды.