Акция 6 наурызға дейін жалғасады. Аймақ жолдарында жол полициясының инспекторлары жүргізушілерге Жол полициясы комитеті әзірлеп шығарған мыңнан астам үнқағаздарды таратты. Жүргізушілерге арналған бұл жадынамалар - ересектерге балалардың жарықты шағылыстыратын элементтерді (фликерлерді), қауіпсіздік белдіктері мен балаларды тасымалдау кезінде арнайы ұстау құралдарын қолдану ескертпесі.
Алдын алу акциясы балалар жарақаттарын болдырмау мақсатымен өткізілуде. Жедел мәліметтер бойынша, өткен екі айда балалардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы боды, соның салдарынан 15 бала жарақаттанды. Өткен жылдың басымен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 40 пайызға, онда жарақат алғандар саны - 67 пайызға өсті. Барлық дерлік апаттарға ересектер кінәлі болды.