ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

Фото: Видеодан алынған кадр/ТЖМ

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында ТЖМ-нің санавиациясы іске қосылды.

ТЖМ экипажы мен дәрігерлердің жедел әрекеттерінің арқасында болашақ ана Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

Еске салсақ, осыған дейін Риддерде жаңа туған нәресте шұғыл түрде Өскеменге тікұшақпен жеткізілгені хабарланған