ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың басынан бері көлік құралын басқару құқығынан айырылса да мас күйде рульге отырған 5 адам ұсталды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Жуырда тәртіп сақшылары Семей қаласының Шәкәрім даңғылында ішімдік ішіп алып «Toyota Camry» автокөлігін тізгіндеген 46 жастағы ер адамды тоқтатты. Ол бұған дейін 7 жыл бойы көлік айдау құқығынан айырылған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Оның айтуынша, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.