Самар мен Күршім аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл ту» паром өткелінде қатынайтын «Ертіс» паромы сәуір айында істен шығып қалған болатын.
Өткелде ұзын-сонар кезек қалыптаспас үшін оны Алтай ауданындағы «Одесса» паромы алмастырған еді.
ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта сынған паром қайта жөнделді.
«Жөнделген „Ертіс“ паромы 7 мамыр сағат 16.00-ден кестеге сәйкес қатынай бастайды» делінген ақпаратта.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Бұқтырмада Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысы жүріп жатыр.