ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасында сынған паромның орнына басқасы жүрмек

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасында сынған паромның орнына басқасы жүрмек
Фото: ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында сынған паромның орнына басқасы жүреді.

Самар мен Күршім аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл ту» паром өткелінде тек бір паром жүріп тұр. Себебі «Ертіс» паромы сынып қалған болатын. Осы ретте, өткелде ұзын-сонар кезек қалыптаспас үшін оны Алтай ауданындағы «Одесса» паромы алмастырмақ. Бұл туралы ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының жолаушы көлігі мәселелері жөніндегі орынбасары Айжан Рахимбаева айтып берді.

«Бүгінгі таңда «Одесса» паромы техникалық тұрғыдан толықтай жарамды. Жұмысшылар құрамы жасақталды. Навигациялық кезеңге қажетті барлық жұмыс жүргізілді. Қазірде паром Алтайка ауылындағы аралда тұр. Ондағы мұз жіпсіген соң жолға шығады. Жол ұзақтығы – 12-14 сағат аралығында», - деді ол.

Жоспар бойынша паром «Қызыл ту» өткелінде 27-28 сәуір күндері қатынай бастайды.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да көпір салынып жатқан Бұқтырма су қоймасында қатынайтын паромдардың бірі сынып қалғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар