«38 жастағы сотталушы ҚР шекарасын белгіленген құжатсыз әдейі заңсыз кесіп өткені үшін бір жыл мерзімге жазасын өтеп жатқан. 2014 жылғы маусымның басында өзінің еркін жүріп-тұру құқын пайдаланып, белгісіз бағытқа жасырынған», деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінен.
Содан бері ол халықаралық іздеуде жүрген. Ресей ІІМ қызметкерлеріне қылмыскердің ізіне түсудің сәті түсті.
«Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі халықаралық келісімдерге сәйкес шешіледі», деп мәлім етті республикалық пенитенциарлық жүйе ведомоствосынан.