Қазір қатты отын жылу көздеріне, тұрғындар мен бюджеттік ұйымдарға жеткізіліп жатыр. Бұл туралы ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасынан мәлім етті.
Өңірде азаматтарға көмір жеткізумен 18 оператор айналысады. Бүгінде көмір тұйықтарындағы қор 13 мың тоннадан асады. Қор біртіндеп толықтырылып жатыр.
— Жылыту маусымы жақындаған сайын көмірге сұраныс артып, ұзын-сонар кезек қалыптасуы мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарды қажетті отынды күн суымай тұрып сатып алуға шақырамыз. Бұл жылыту маусымын алаңсыз бастауға мүмкіндік береді, — деді басқарма басшысының орынбасары Самат Даиров.
Еске салайық, осыған дейін Қызылордада қысқа қажетті көмірдің 15%-ы дайын екенін жазғанбыз.