Әлеуметтік желіде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбіл Бакинді ұстағаны жайлы ақпарат тарады.
Соған орай Kazinform тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауалхат жолдап, бұл ақпараттың қаншалықты растығын сұрап көрді.
- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес жария етуге жатпайды, - деп жауап берді ҚР ҰҚК бөлімше бастығы О.Бектенов.
Еске салсақ, осыған дейін Атырау әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпаратты адвокат жоққа шығарғаны хабарланған.
Сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы бас бостандығынан айырылған болатын.