«Бұл туристерге біздің аймақтың бай тарихы мен көрікті туристік нысандары жайлы қолжетімді ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аталмыш аудиогидті әрбір турист тегін пайдалана алады, барлық жазбалар Play Market, App Store және toureast.kz. сайтының платформаларында қолжетімді түрде орналастырылатын болады» - дейді ШҚО туристік ақпараттық орталық директоры Сымбат Рамазанов.
Қазір toureast.kz сайтында аудиогидқа кіретін нысандар бойынша дауыс беру басталды. Өңірдің әрбір тұрғыны сайта кіріп, өзі таңдаулы деп санаған нысанға дауыс беріп, өзінің пікірін қалдыра алады.