ШҚО полицейлері есірткінің жаңа түрін саудалаушыларды ұстады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткінің жаңа түрін саудалаушыларды ұстады, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөзмәліметтеріне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысының есірткі полицейлері шарттытүрде «скорость» деп аталатын жүйкеге әсер ететін заттардың жаңа түрлерінөткізудің 3 фактісін анықтады.

Тұрғылықтыжері бойынша тінту жүргізу кезінде үш сатушыдан синтетикалық есірткінің бірнешедозасы анықталып, тәркіленді.

Жоғарыдакөрсетілген фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы (Есірткі заттарды,психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау,өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату)бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айтакету қажет, ағымдағы жылдғы 5 шілдеде бақылауға алынған есірткі заттарыныңтізімін жаңа психобелсенді заттармен барынша қысқа мерзімде толықтыруғамүмкіндік беретін заңнамаға түзетулер күшіне енді. Бұл тізімдер қазір барлықбелгілі есірткілер мен сол тектес заттарды қамтиды.

Ағымдағыжылғы бірінші жартыжылдықта полиция синтетикалық есірткіні таратудың 56фактісін анықтады. Оның ішінде 28-і есірткі өткізу фактісі болса, 2,6 кг жүйкегеәсер ететін жаңа заттар, оның ішінде 1 799 таблетка экстази есірткісі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар