ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша пандемия басталғалы бері 59 509 адам вирусқа шалдыққан. Ал соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тек 2 адам тіркелді.
Бүгінде стационар жағдайында 93 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Кеше медициналық мекемелерде коронавирустан емделіп жатқандар саны 111 адамды құраған болатын.
«Бір күнде 4 науқас жұқпалы дерттен толықтай жазылып шықты. 2 симптомсыз вирустасушы үй карантинін аяқтады. Жалпы облыста стационарларда төсек-орын жүктемесі – 4,3%-ды құрайды», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 2,2 мыңға жуық жүкті әйел вакцинаның екі компонентін салдырғанын хабарлаған едік.