ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінің алдын алу шарасы «Өскемен-Самар» тасжолында жүргізілді.
«Жол бойындағы тауда жарылыс жасалып, 2150 текше метр қар түсірілді. Көп ұзамай жол қардан толықтай тазартылған. Жалпы өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүру қаупі бар», - дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
Өз сөзінде ол тұрғындарға алдағы күндері таулы жерлерге бармауға шақырды. Қар көшкіні қаупі бар учаскелерден өтіп бара жатсаңыз мүлде тоқтамай, тезірек кету керек.
Еске салсақ, 21 желтоқсан күні ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты екі жол жабылғандығы хабарланған.
Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі