Өңір халқын жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Шығысэнерготрейд» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне электр энергиясының шекті бағасының көтерілуі туралы хабарлаған.
«Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын сату бағасы 1 маусымнан бастап 33%-ға дейін өсті. Талдау жүргізу барысында электр энергиясының орташа сату бағасы бір кВт/сағ үшін ағымдағы шекті баға 21,042 теңгеден 12%-ға артып, 23,595 теңгені құрағаны белгілі болды. Соған байланысты шілде айынан бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін тариф өсімі - 10%, әлеуметтік маңызы бар өнім өндірушілер үшін - 12%, бюджеттік ұйымдар және заңды тұлғалар үшін - 18%-ды құрайды», - дейді департамент басшысы Арман Мәлік.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде жылу мен су бағасы қымбаттайтыны хабарланған.