АСТАНА. KAZINFORM — 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық автожолдарда көріну қашықтығы төмендеп, жол тайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерге сақтық шараларын сақтау ескертілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлім етті.
Бүгін Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі.
Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.
— Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз, — деп ескертті компаниядан.
Бұған дейін елдің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болатынын жаздық.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)