Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін жергілікті тұрғынды 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметтердің бірімен бірлесіп жүргізілген операция барысында арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.
- Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген ақпаратта.
Сол сияқты, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары аймақтарына шығуға әрекеттенгені үшін еліміздің 5 азаматына 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
ҰҚК мәліметінше, терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, Қызылордада 39 жастағы әйел TikTok арқылы терроризмді насихаттаған.