АСТАНА. KAZINFORM — Бұл жаңалық Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанаға жұмыс сапарымен келген Халықаралық конькишілер одағының (ISU) конькимен жүгіру спорты жөніндегі директоры Хуго Херрнхофпен кездесуінде белгілі болды.
Ербол Мырзабосынов пен Хуго Херрнхоф Қазақстандағы конькимен жүгіру спорты мен шорт-тректің қазіргі даму деңгейін, ISU-пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту шараларын, сондай-ақ 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпия ойындарына дайындық барысын талқылады.
Министр шорт-тректің Қазақстанда жоспарлы әрі жүйелі дамып жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алды.
Биыл елімізде жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екі кезеңін өткізу сеніп тапсырылды. Бұл — еліміздің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін және халықаралық аренадағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.
2027 жылы Қазақстанға жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем чемпионатын өткізу мәртебесі берілді.
Еске салсақ, Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде топ жарды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.