Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, 2026 жылдың 4 наурызында Көкшетау мамандандырылған тергеу соты «Палау орталығы» кафесінің иесін екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.
Бұған дейін Щучинск қаласындағы кафеде газ жарылысынан алты адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейіннен көз жұмғандар саны жеті адамға жеткені белгілі болды.
2 наурызда «Палау орталығы» кафесінің иесі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталғаны анықталды.
Өкінішке қарай, 3 наурызда өрттен зардап шеккен тағы екі адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды.