ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік-шығыстан соққан жердің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, ал Мұғалжар ауданында желдің күші секундына 25 метрге дейін күшеймек.
ТЖ өкілдері тұрғындардың бұл күндері қысқы жағдайға бейімделмеген автомобильдермен алысқа ұзап шықпауларына және биікте жұмыс жасамауларына кеңес береді.
Сондай-ақ үйлердің төбелерінің беріктігін тексеруді, есік-терезелерді, желдеткіш тұрбаларды қымтап жабуды ұсынады.