АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгермейді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Ұлттық бірыңғай тесті форматы өзгермейді. Сол қалпында қалдырамыз. Бірақ, оның мазмұны 30-40 пайызға толығынан өзгертілетін болады. Оның ішінде логикалық сұрақтарға ерекше көңіл бөлінбек», - деді Б. Жұмағұлов.
Белгілі болғандай. 2015 жылдан ҰБТ екі кезеңге бөлінеді. Атап айтқанда, біріншісінде Ұлттық бірыңғай тесті мектеп бітірушелерді қамтиды, ал кешенді тестілеу жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерге жүргізілетін болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.