Өрт сағат 17.20-да сөндірілді. Жол-көлік апатының салдарынан «УАЗ» маркалы көліктің 24 жасар жүргізушісі мен жеке тұлғалары анықталмаған екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
«УАЗ» маркалы көліктің 30 жастағы жүргізушісі мен оның 12 жолаушысы - 7 ересек, 12,15 және 17 жастағы үш жасөспірім, 10 және 8 жастағы екі бала және «ВАЗ» көлігінің 21 жасар жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.