Швецияда суға толған вокзалда жолаушылар жүзіп жүр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның Уппсала қаласындағы орталық теміржол вокзалын жолаушылар бассейнге айналдырды. Желіде көңілді видеолар қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жазда Скандинав түбегінде жауын-шашын мол түседі. Демалыс күндері Уппсала қаласында толассыз жауған нөсер салдарынан су тасқыны болды. Орталық теміржол вокзалында жолаушылар пойыздарына жету үшін тізеден, кейбіреулерінің белшесінен су кешуіне тура келді.

Енді біреулер вокзалды бассейнге айналдырып, жүзіп жүр.

 

Соңғы жаңалықтар