НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швед хоккейшісі Линус Виделль елордалық «Барыс» сапында тағы бір жыл ойын көрсететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат команда сайтына сілтеме жасап.
Линус Виделль қазақстандық ұжым сапында 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін мұз айдынға шығады.
Биыл ол «Барыс» құрамында 37 ойында өнер көрсетті. Команданың жартылай финалға дейін жетуіне үлкен үлес қосты.
Швециялық хоккейші 2012 жылдан бері Құрлықтық хоккей лигасында. Елордалық клубқа дейін Ресейдің «Югра», «Северсталь», «Торпедо», «Трактор», Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» және Латвияның «Динамо» (Рига) клубтарында ойнады. Құрлықтық хоккей лигасында 35 жастағы шабуылшы барлығы 433 рет мұз айдынына шықты.
Бұдан бұрын«Барыс» құрамына канадалық хоккейші қосылған болатын.
Сондай-ақ, қақпашы
Хенрик Карлсон «Барыс» командасында тағы бір жылға қалатын болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.