Хенрик Карлсон «Барыс» командасында тағы бір жылға қалатын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» қақпашы Хенрик Карлсонмен 2021 жылдың 30 сәуіріне дейінгі келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі команда сайтына сілтеме жасап.

Хенрик Карлсон 1983 жылдың 27 қарашасында дүниеге келген. Швеция, Канада, АҚШ, Ресейдің бірнеше командасында ойнаған. Ол «Барыс» командасында 2016 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Сондай-ақ, қақпашы Қазақстан құрамасы сапында бірнеше кездесуге қатысты.

Қақпашы өткен Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында 20 ойын өткізді. Оның ішінде 12 кездесу елордалық клубтың басымдығымен аяқталды.

Биыл Хенрик Карлсон басқа командаға ауысуы мүмкін деген жорамал айтылған еді. Дегенмен ол командамен келісімшарт мерзімін ұзартуға ниет білдірді.

Бұдан бұрын «Барыс» құрамына канадалық хоккейші қосылған болатын.


Соңғы жаңалықтар