АСТАНА. KAZINFORM — Швеция алдағы алты айда Шенген аймағына кіретін ішкі шекараларында бақылауды қайта енгізеді. Бұған елдің қоғамдық тәртібі мен ішкі қауіпсіздігіне төнген қатер себеп болған. Бұл туралы Kazinform BBC-ге сілтеме жасап хабарлады.
Бұл шешім туралы Швеция үкіметі мәлімдеді.
– Бұған, ең әуелі, Ресейдің Украинаға қарсы кең ауқымды соғысы салдарынан Еуропадағы қауіпсіздік жағдайының күрделенуі себеп болды. Соның салдарынан Шенген аймағында гибридті қауіптер көбейіп, сыртқы күштердің арандату әрекеттері байқалды, – делінген Швеция үкіметінің мәлімдемесінде.
Шекаралық бақылау 12 қарашадан бастап 11 мамырға дейін қолданылады.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі қырғыз-тәжік шекарасының Баткен облысынан өтетін бөлігінде ауқымды инженерлік жұмыстарды аяқтағанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.