13 қыркүйекте өткен парламент сайлауынан кейін Швецияда әлі жаңа үкімет жасақталған жоқ. Осыған байланысты қазіргі уақытша министрлер кабинеті 12 қарашада 2027 жылға арналған уақытша мемлекеттік бюджетті ұсынады. Онда жаңа саяси бастамалар қарастырылмаған.
Қаржы министрі Элизабет Свантессонның айтуынша, уақытша бюджеттің негізгі мақсаты — мемлекеттің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Бюджет қаражатының басым бөлігі 2026 жылғы деңгейде қалады. Тек автоматты түрде индекстелетін жекелеген төлемдерге өзгеріс енгізіледі.
Алайда жанармай салығын төмендету, автобуспен жүруге жеңілдетілген абонементтер беру және үй шаруашылықтарын электр энергиясы үшін жоғары төлемдерден қорғау шараларын ұзарту мүмкін болмайды. Осының салдарынан Швеция тұрғындарының күнделікті шығыны артуы ықтимал.
Солшыл-центристік партиялар парламентте басымдыққа ие болғанына қарамастан, уақытша бюджетті қолдауға келісті. Олар 176 мандат иеленсе, оңшыл блокта 173 мандат бар.
Жаңа үкімет жасақталғаннан кейін партиялар бюджетке өзгерістер енгізіп, өздерінің экономикалық бастамаларын жүзеге асыра алады.
Еске салайық, 17 қыркүйекте Швеция премьер-министрі, Либерал-консервативтік байсалды партияның жетекшісі Ульф Кристерссон сайлауда жеңіліс тапқаннан кейін отставкаға кеткен еді.