Ұсынысқа сәйкес, мемлекет қаржыландыратын ЭКО-ның үш тегін әрекеті тек баласы жоқ жұптарға ғана емес, екінші балалы болғысы келетін отбасыларға да қолжетімді болуы мүмкін.
— Бұл көптеген отбасының өмірінде өте маңызды рөл атқаруы ықтимал, — деді Кристерссон.
Бастама «Позвони премьер-министру» подкастында айтылды және партияның сайлауалды уәделерінің біріне айналуы мүмкін. Қазір Швеция елінде тегін ЭКО тек баласы жоқ жұптарға ғана ұсынылады, ал қалғандары процедураны өз қаражатына жасатады.
Жаңа ұсыныс билеуші коалиция арасындағы қазіргі келісімдерден де асып түседі. Премьер-министр бұл шара туу көрсеткіші төмендеп жатқан елдегі отбасыларды қолдауға көмектесетінін айтты. Қазіргі таңда Швециядағы туу көрсеткіші бір әйелге шаққанда шамамен 1,4 бала болып отыр.
Сондай-ақ партия ЭКО-ға қолжетімділік ережелерін қайта қарауды, оның ішінде 40 жастан асқан әйелдер үшін жұмыртқа жасушаларын қатыру мүмкіндігін де ұсынды.
Бұған дейін Қытай ғалымдары инсульт кезінде көмек көрсетуге арналған әлемдегі алғашқы мұрын спрейін әзірлегені хабарланған еді.
Айта кетелік жасанды ұрықтандыруға 30 жасқа толмаған азаматтар жүгіне бастағаны туралы жазған едік.