Жасанды ұрықтандыруға 30 жасқа толмаған азаматтар жүгіне бастады - эмбриолог

АСТАНА. KAZINFORM — ЭКҰ арқылы нәрестелі болғысы келетін азаматтардың жас ерекшелігі жағынан айтарлықтай айырмашылық байқалып отыр. 

ЭКҰ-ға жүгінетіндердің жасы төмендеп келеді
Фото: Камила Мүлік/Kazinform

— Бұрын көбіне 32–35 жастан асқан әйелдер жүгінетін. Қазір 30 жасқа толмаған жастардың үлесі көбейді. Бұған экология, өмір салты, күйзеліс әсер етіп жатыр, — дейді Репродуктивті медицина институтының эмбриолог маманы Алдияр Мәлік.

Алдияр Мәлік
Фото: Камила Мүлік/Kazinform

Сондай-ақ ол бедеуліктің ер адамдар арасында артып келе жатқанын айтады.

— Ер адамдар арасындағы бедеуліктің артуы да - ЭКҰ-ға жүгінудің бір себебі. Қазіргі таңда ер және әйел бедеулігінің үлесі шамамен тең: 50/50, — дейді ол.

Айта кетейік, «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы аясында 14 мың әйелге ЭКҰ қызметтері ұсынылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар