Швециядағы турнир: Александр Шевченконың жеңіс сериясы тоқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 107-ракеткасы Александр Шевченко Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалынан тыс қалды.

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 51-ракеткасы, аргентиналық Тьяго Агустин Тирантемен шеберлік байқасты. 

Бірінші партияда тай-брейкте Тиранте сәтті ойнады — 7:6 (7:5).

Екінші сетте дәл осындай есеппен А.Шевченко есе қайырды — 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші партияда аргентиналық спортшы жеңісті жұлып алды — 6:3.

Екі сағат 49 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 8 эйс жасағанымен, 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады. Тиранте 20 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. 

Тьяго Агустин Тиранте финалға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, Чили өкілі Алехандро Табиломен таласады.

Осылайша, Стокгольмде жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған Александр Шевченконың 4 матчқа созылған жеңіс сериясы тоқтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Швециядағы турнирде қатарынан үш кездесуде жеңіске жеткенін жазған едік.