Механикалық роботты жасаушылар жобаға саламандраның рентген суреті мен бауырымен жорғалаушының суда және құрғақтағы жүрісі түсірілген видеоны пайдаланды. EPFL мамандары бұл қаңқаның 3D-моделіне негізделген алғашқы робот деп мәлім етті.
Жоба омыртқалылардың қаңқа құрылысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осыған негіздей отырып ары қарай адамдардың жетілдірілген нейропротездерін жасауға болады, ол мүгедек адамдарға көмекке келеді.