Тағы екі құрбанды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қайғылы оқиға салдарынан 40 адам мерт болып, 119 адам жарақат алды, 6 адамның кім екені әзірге белгісіз.
Басылымның хабарлауынша, бардың иесі елі-зайыпты Франция азаматтары. Кран-Монтанада олардың бірнеше ғимараты бар. Le Constellation ғимаратын олар 2005 жылы сатып алып, онда жөндеу жұмыстарын жүргізген. Швейцариялық 20 Minuten порталының хабарлауынша, реновация аясында текпішек кішірейтілген.
Бұл жаңа жылды қарсы алып жатқан жастардың дүрбелеңге толы сәтте сыртқа шығуын қиындатып жіберген.
Сонымен қатар жертөбе төбесіне орнатылған акустикалық панельдер бенгаль отшашуларынан бірден тұтанған. Бар иесі әйелдің өзі де қолынан күйік алған. Ал оның жұбайы қожайындардың тергеумен толықтай ынтымақтасып отырғанын, барлық сауалға жауап беріп жатқанын айтты.
Бар соңғы он жыл ішінде үш мәрте тексерілген. Иелерінің айтуынша, жөндеу кезінде қолданыстағы талаптар толық сақталған. Ал барды бақылауға міндетті жергілікті билік өкілдері нысанға қатысты барлық құжатты тергеу органдарына тапсырғанын мәлімдеді.
Вале кантонының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Алайда бұл іс әзірге нақты бір адамды айыптауға емес, қасіреттің неден туғанын анықтауға бағытталған. Елде бес күндік ұлттық аза тұту жарияланды.
Осыған дейін Швейцариядағы курортта болған өрттен француз футболшысы зардап шеккені туралы жаздық.