«Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шаралар өткізілетін жағдайларда, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары болатын кезеңде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін», - делінген облыс әкімінің қаулысында.
Құжатта жазылғандай, аталған бағыттағы жұмыстар басталар алдында тұрғындарға хабарландыру жасалады. Жалпы, шектеу 29 сәуір мен 1 қарашаға дейінгі мерзімге енгізіліп отыр.
Қаулы-жобасы 29 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін әкім қол қойып, ресми жарияланғаннан 10 өтіп барып күшіне енеді.
Еске сала кетейік, мұндай шектеу бұған дейін Жамбыл, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында енгізілген болатын.